Еркебұлан Дайыровтың Қаңтар оқиғасына қатысты сөзі желіде қызу талқыға түсті

Жарияланды 18 Қараша 2025 10:43

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
фото: ortcom.kz

Актер Еркебұлан Дайыровтың Dope Soz жобасында Қаңтар оқиғасына қатысты пікірінен кейін, әлеуметтік желіде қызу талқылау басталды. Актер сұхбатында сол күндері алаңға шықпағанын, отбасын қорғап, үйінде отырғанын айтқан еді.

«Қаңтар оқиғасы – трагедия. Қаңтарда алаңға шығып, сол жерде болдым деу мақтанатын нәрсе емес деп ойлаймын. Ол жерде менің достарым қаза тапты. Менің «қаңтарым» үйде өтті. Өз отбасымды қорғаумен болдым. Үйде мылтықпен отырдым», – деді актер.

Алайда бұл ой қоғамда түрлі реакция тудырды. Желі қолданушыларының бір бөлігі:

«Әркім Еркебұлан сияқты үйінде кіші мемлекетін қорғап отырса, Қаңтар оқиғасы болмас па еді?» – деп актердің позициясын қолдап жатыр.

Ал енді бір бөлігі оның сөзімен келіспей, сынап жатыр:

«Қазағыңнан қорғанатындай не болды, бауырым? Қорғайтын жер болады, бас көтеріп «елім, жерім» деп шығатын кез болады. Сол үшін «Қаңтарда отбасымды қорғадым» деу ұят», – деген пікір қалдырып жатыр.

Еркебұлан Дайыровтың айтуынша, сол күндері елде үлкен белгісіздік, үрей және қоғамды түгел шарпыған қауіп сезімі болған. Актер оқиғаға байланысты эмоциялық ауыртпалық әлі де сезілетінін жеткізді.

Сондай-ақ актер сұхбат барысында 20 қараша күні кинопрокатқа шығатын «№37» фильмі жайлы айтты. Аталмыш туынды бұған дейін театр сахнасында қойылып келген.

Сондай-ақ оқыңыз