
«ҚазМұнайГаз» ресейлік Лукойлдың Қазақстандағы активтерін сатып алуы мүмкін бе? Ұлттық компания ресми түрде жауап берді.
«Кейбір бұқаралық ақпарат құралдары «ҚазМұнайГаз» компаниясы Қарағашығанақ жобасындағы ЛУКОЙЛ-дың үлесін сатып алуы мүмкін деген хабар таратуда. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Жалпы, ҚМГ серіктестерімен бірлесіп, Қарашығанақ жобасына санкциялық шектеулердің ықпалына қатысты тұрақты әрі кешенді талдау жүргізуеді», – деп жазылған жауапта.
Бұл әңгімені алғашқылардың бірі болып Reuters жазған. Кейінірек «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов та айтқан еді.
«Қазір нақты уағдаластық туралы хабарлай алмаймын, өйткені Лукойл да, «ҚазМұнайГаз» консультанттары да жұмыс істейді. Лукойл көптеген жобалар бойынша «Қазмұнайгаздың» серіктесі, сондықтан оған қажеттілік бар», – деді ол.
Негізі осы жылдың басында ҚМГ Болгариядағы «Лукойл Нефтохим Бургас» мұнай өңдеу зауытын сатып алуға қызығушылық білдірген.