
Түркістан облысы, Алғабас ауылында өрттен қайтыс болған марқұмдардың жаназасы шығарылып жатыр. Қазіргі уақытта 7 ер адамның жаназасы өтті. Оқиға орнына облыс әкімі Нұралхан Көшеров барып, марқұмдардың туыстарына көңіл айтты.


Азалы әулетке көңіл айтуға алыс-жақын ауылдардан келіп жатқандардың қарасы көп. Бірақ қаза тапқандардың туыстары пікір білдіруден бас тартты.




Бұған дейін Kursiv.Media марқұмдардың көршілерінен пікір алып, өрттің неден шыққанын жазған. Қайғылы оқиғаға куә болған тұрғындардың сөзінше, өрт электр тогынан шығуы мүмкін.
Өрттен он екі адам қайтыс болды, оның тоғызы – бала. Полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр.
Қайғылы оқиғаға Тоқаев көңіл айтып, арнайы комиссия құруды тапсырды.