Жаңалықтар

Қытайдың Шыңжаң өлкесінде жер сілкінді

жер сілкінісі жер сілкінді жерасты дүмпуі
фото: shutterstock

Қазақстандағы сейсмикалық станциялар Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялы өлкесінде болған жер сілкінісін тіркеді.

Жерасты дүмпуі 17 қарашада Астана уақытымен сағат 22:22-де болған. Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық станциялары оның магнитудасын 3,9 балл деп бағалады.

Жер сілкінісі Қытайдың Шыңжаң өлкесінде, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан шекарасына жақын маңда болған.

Дүмпу ошағы Алматы қаласынан шамамен 450 км жерде орналасқан.

Естеріңізге сала кетейік, қазанның аяғында да Қазақстан шекарасына жақын маңда жер сілкінген. Сол кезде де дүмпу ошағы Қытай аумағында екені анықталған.