Тоқаев Түркістанда өрттен қайтыс болғандардың туыстарына көңіл айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысы Жетісай ауданындағы жеке үйде болған өрт салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты. Бұл жайлы Ақорда жазды.
«Үкімет пен Түркістан облысының әкіміне зардап шеккен азаматтардың туған-туыстарына барлық қажетті көмек көрсетіп, қайғылы оқиғаны жан-жақты тексеруді тапсырды», – делінген хабарламада.
18 қарашада таңертең Түркістан облысы Жетісай ауданы Алғабас ауылында екі қабатты жеке тұрғын үй өртенген. Өрт сөндірушілер келіп жеткенде үй толығымен отқа оранған.
Құтқарушылар апат орнынан 12 адамның денесін тапты, оның тоғызы бала. Ес-түссіз жатқан үш адам эвакуациялады. Көршілердің сөзінше, сол күні үйде жиын болып, қонақтар келген.
Қазір өрт себебі тексеріліп жатыр.
Kursiv Media бұған дейін Алматыда балалар үйінде болған өрт жайлы жазды. Ол кезде 35 адам эвакуацияланып, санаторийге орналастырылған.
Ал қазанда Ұлытау облысының Сәтбаев қаласында өрт шықты. Сол күні кезекшілікте болған полицейлер оттан үш баланы аман алып қалды.