Lifestyle

TikTok монетизациясы: жаңа өзгерістерге шолу

Фото: shutterstock.com

TikTok арқылы табыс табу жылдан-жылға қиындап барады. Себебі платформа ережелерді де, алгоритмдерді де өзгертіп жатыр. Бұған дейін авторларға ТОП-қа шығу да, бірнеше мың қаралым жинау да оңайырақ болған еді. Ал қазір платформа шынында сапалы әрі мәнді видеоларға көбірек ден қоятын болып отыр. Олай болса, қандай жаңа ережелер қосылғанын, оның қазақстандық авторларға қалай әсер ететінін талдап көрелік.

Басты өзгерістер

  • Былтыр наурызда TikTok бұрынғы Creator Fund бағдарламасының орнына шығатын Creator Rewards Program туралы жариялаған еді.
  • Бұл бағдарламадағы басты критерийлер мынадай: автор 18-ге толған болуы керек. Кемінде 10 000 оқырманы бар, кейінгі отыз күнде видеолары 100 000 қаралым жинаған болуға тиіс. Бірақ бағдарлама кей елдерде де жұмыс істейтінін ескеру қажет.
  • Видео-контент оригинал болуы шарт. Ал ұзақтығы 1 минуттан кем болмауы керек. Оған қоса авторлыққа қатысты шарттар мен соңына дейін қаралуы қажет деген секілді тұстары бар.
  • Платформада RPM (Revenue Per Mille – 1000 квалификациялық қаралымға берілетін табыс) деген бар. Соған қарай төлегенде, бірнеше параметрге сүйенеді. Яғни аудиторияға қаншалықты өтімді екеніне қарайды.
  • Сонымен бірге  Effect House платформасы арқылы AR-эффект жасайтындарға Effect Creator Rewards деген бөлек бағдарлама ашылды. Бұл Қазақстан төңірегінде де жұмыс істейді. 

Авторларға бұл қалай әсер етеді?

  • Монетизация қосу қиындады. Себебі 10 000 оқырман + 100 000 қаралым + 1 минуттық оригинал видео деген шарт бар. Демек, кез келген қысқа ролик «ата» бермейді деген сөз.
  • Мың қаралым жинағанның өзінде одан түсетін табыс бірнеше факторға байланысты болады. Яғни қаралса болды, төлей бермейді.
  • Бағдарлама қатысатын ел саны шектеулі. Мысалы, Қазақстан ресми тізімде жоқ.
  • Ал енді AR-эффектілер жасайтын авторлар эффектісі көбірек қолданылған сайын көбірек табыс табатын болды.

Бағдарлама туралы ақпараттар

  • Дереккөздерге сүйенсек, мың қаралымға берілетін табыс пен RPM бұрынғы бағдарламада 0,02-0,04 доллар арасында болған еді. Жаңа бағдарламада диапазон 0,4-1 доллар болып өскен. Дегенмен қаралым жинау қиындаған.
  • Әзірге Creator Rewards 8 елде қосылған: АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея, Бразилия, Мексика. Демек, сіз осы елдерде тұрмасаңыз, бағдарламаға қатыса алмауыңыз мүмкін.
  • AR-эффектілер жасайтындарға арналған бағдарламаға қатысатын елдер саны өсті. Қазір әлемнің 33 елінде жұмыс істейді. 2024 жылдың наурызынан бері бұл тізімге Қазақстан да қосылды. Қойылатын талаптатына келсек: кейінгі 90 күнде желіде сол эффектіні пайдаланып 100 000 видео жүктелген болуы керек. Содан кейін ғана ақысы төлене бастайды. 
  • Бір эффектіге төленетін соманың шегі – 14 000 доллар. Бір авторға төлейтін ақы айына 50 000 доллардан аспайды.

Қазақстанға қатысты тұстары

  • Негізгі Creator Rewards бағдарламасына Қазақстан қатыспайды дедік.
  • Десе де, монетизация қосуға мүмкіндік беретін басқа да балама функциялар бар.
  • Тағы бір айта кететін жайт: салық және заң тұрғысынан ерекшеліктер бар. Мәселен, бізде кейінгі жылдары блогерлердің табысы Салық комитетінің жіті назарында екенін білеміз. Сондықтан осы тұсына бей-жай қарамау керек.
  • Қорыта айтқанда, бағдарламаға Қазақстан толыққанды қосыла алмаса да, айналып өтетін жолдармен табыс тауып отырғандар бар.
  • AR-эффектілер жасайтын авторлар Effect Creator Rewards бағдарламасының арқасында заңды түрде табыс таба алады. Сондықтан өзіңіз осы бағытқа қызығатын болсаңыз, онда TikTok арқылы ақша таба аласыз деген сөз. Бастысы, сіз ойлап тапқан эффект желі қолданушыларына ұнаса болғаны. Неғұрлым сол «маскамен» видео түсіретіндер көп болса, картаңызға түсетін табыс та соғұрлым көп болады.
  • Ал енді платформа арқылы тағы қалай ақша табуға болатыны туралы айтсақ. Оның ішінде LIVE-сыйлықтар, брендтерге арналған жарнама роликтерін коллаборация арқылы жасап, TikTok Shop, жазылымдар арқылы табыс түсіп отыратын жолдар бар.
  • Негізгі бағдарлама қатысу оңай емесін, ондағы талап-шарттарға сәйкес келудің қиын екенін ескерсек, өте сапалы контент пен халықаралық аудиторияға бағытталу керек деген сөз. Яғни қазақстандық автор болсаңыз, жергілікті аудитория жарамауы мүмкін. Халықаралық тілдерде контент жасап, баршаға бірдей қызық болатын бағыт ұстанбаса болмайды.

Қандай шектеулер бар?

  • Қазақстан ресми түрде Creator Rewards қатысушысы болмағандықтан, бұл өте үлкен – кедергі. Бағдарлама аясында тікелей табыс табудың жолын шектеліп тұр. 
  • Тіпті Effect Creator Rewards бағдарламасына қатысатын болсаңыз да, сізге өте үлкен белсенділік қажет. Ол аудиторияның аумағы да қаралады. Мысалы, жарнама беретіндер үшін Қазақстан нарығындағы RPM АҚШ-пен салыстырғанда өте төмен болуы мүмкін.  
  • Қазақстандық блогерлердің контенті бақылауда. Шетелден түсетін бүкіл табыс рәсімделіп, декларациядан өткізілуге тиіс. Яғни әкімшілік мәселе көбірек.

Қазақстан нарығына қатысты қандай болжам бар?

  • Қысқамерзімді алып қарастырсақ, аудитория жергілікті тұрғындардан құралған орташа деңгейлі авторлар мен монетизация деңгейі төмен қысқаша видеолар жасайтындар TikTok арқылы азғантай ғана табыс таба алады.
  • Алдағы 1-2 жылды алып қарасақ, қазақстандық авторлар сапалы, 1 минуттан асатын видео жасауды қолға алса, AR-эффектілердің түр-түрін жасап танылса, LIVE-сыйлықтар, брендтермен серіктестік жасап белсенді бола түссе, онда табысын еселеуге мүмкіндік көбейеді.
  • Ұзақмерзімді тұрғыдан алып қарағанда, алдаTikTok Creator Rewards бағдарламасына қатысатын елдер санын көбейтіп, елімізді ресми түрде тізімге қосса, бұл монетизацияға шығуға заңды түрде жол ашады.
  • Жалпы контент-криейторлар бір ғана TikTok-тан табыс табамын деп қарап отырмай, стратегияны мультибағытта жасап үйренгені абзал. Яғни жарнама роликтерін көбірек жасасып, өз өнімдерін шығарып кәсіп бастап, affiliate-маркетиң жолдарын меңгеру керек.

Отандық авторларға қандай ұсыныс айтуға болады?

  • Контентті сапалы қылып жасауға тырысыңыз. Айтқандай, 1 минуттан асатын видеолар жасаңыз. Ерекшеленіңіз, монтажына мән беріңіз. Жарық жақсы түскен, бас-аяғы бар, сценарийі сауатты дүние түсіріңіз.
  • Аудиторияңызды зерттеңіз. Неғұрлым жарнама көрсеткіші жоғары елдердің (АҚШ, Еуропа) аудиториясына бағытталыңыз. Сонда RPM жоғары болады.
  • Балама жолдарды қараңыз, мүмкіндігінше пайдаланыңыз. Effect House арқылы AR-эффектілер жасап көріңіз, сыйлықтар берілетін LIVE-трансляциялар жүргізіңіз, ТикТок арқылы тауар сатыңыз, басқа платформаларға сілтеме қалдырып отырыңыз, брендтермен бірлесіп жұмыс істеңіз.
  • Сараптама жасап жүріңіз. Қаралым әкелетін құралдармен танысыңыз, іздегенде бірінші шығудың жолдарын зерттеңіз.
  • Құжат жағын реттеп қойыңыз. Шама келсе, есепшілермен, салық мәселелерімен айналысатын заңгерлермен сөйлесіңіз, кеңес алыңыз.
  • Халықаралық экспансия туралы ойланыңыз. Тақырыбыңыз сай келсе, ағылшынша контент қоссаңыз болады.
  • Бағдарламаға қатысты жаңалықтарды бақылап жүріңіз.

Бұған дейін Қазақстанда TikTok арқылы қандай бизнес жақсы жүретіні айтылған еді. Сондай-ақ Kursiv.Media платформаны қолданғанда банға «кетпеу» жолдарын да талдаған.