ҚМДБ коллаген ішуге қатысты пәтуа шығарды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы коллаген ішуге қатысты пәтуа шығарды.
Коллаген жануар сүйегі, терісі, сіңірі, балық қабыршағы, құс шеміршегі мен сүйегінен алынады. Шариғаттағы үкім неден жасалғанына байланысты әртүрлі болады.
Мәселен, шошқадан алынған коллаген харам саналады.
«Шариғатта шошқаның етін, майын жеуге, терісін т.б. қолдануға тыйым салынған. Балықтан алынған коллагенді қолдануға рұқсат. Себебі балық адал әрі бауыздауды қажет етпейді», – делінген ақпаратта.
Сиыр, қой секілді еті желінетін әрі шариғатқа сай сойылған жануар мен құстардан алынған коллагенді қолдануға болады. Ал еті желінбейтін жануардан немесе еті желінетін, бірақ шариғат жолымен бауыздалмаған малдан және құстан алынған коллагенді қолдануға болмайды.
Айта кетейік, 2026 жылы Ораза 19 ақпанда басталады. Қадір түні 16 наурыздан 17 наурызға қараған түнге түсіп тұр. Ораза айт 20 наурызға түскен.