Азық-түлік бағасы жаңа жыл қарсаңында қымбаттауы мүмкін бе

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Азық-түлік бағасы күрт қымбаттай ма? / Фото: kursiv.media архиві

Елде Жаңа жыл алдында азық-түлік бағасы күрт қымбаттамайды. Бұл туралы Үкіметтегі баспасөз мәслихатында Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин журналистерге берген жауабында айтты.

Вице-премьердің айтуынша, өткен жылы да мереке алдындағы аптада баға айтарлықтай көтерілмеген, биыл да жағдай ұқсас болады деп күтіледі.

«Жаңа жыл қарсаңында баға күрт қымбаттайды деп ойламаймын. Әдеттегі, қалыпты маусымдық өсім болуы мүмкін. Өткен жылы Жаңа жыл кезеңі өте тыныш өтті. Биыл да сондай болады деп сенеміз. Біз азық-түлік бағаларын аса қатты тежеген жоқпыз, фермерлерге табыс табуға мүмкіндік бердік», – деді ол.

Жұманғарин сондай-ақ бірқатар азық-түлікке, соның ішінде қияр мен қызанақ бойынша баға қалыптастыру тетіктерін талдауды тапсырғанын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыз