Жұманғарин жеке компаниялар қызметкерлерінің орташа жалақысын атады

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин / Фото: kursiv.media

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкіметтегі брифинг барысында Қазақстан азаматтарының жеке сектордағы жалақы деңгейіне қатысты сұраққа жауап берді

Ол Үкіметтің жеке секторға тікелей ықпал ете алмайтынын нақтылады.

«Шынын айтсақ, 9 айдың қорытындысы бойынша жалақының номиналды өсімі 10% болды. Нақты өсім – минус. Өздеріңіз білесіздер, бұл ең алдымен инфляцияның өсуіне байланысты болып отыр. Бірақ жыл әлі аяқталған жоқ. Халықтың табысы дегенде біз тек жалақыны ғана айтып отырған жоқпыз. Жыл соңында 13-ші жалақы берілетінін жақсы білесіздер. Бұл ұжымға басшылықтың премия беруіне, қосымша төлемдерге және басқа да факторларға байланысты», – деді Жұманғарин.

Оның сөзінше, қазір орташа жалақы – 429 мың теңге.

«Бұл – 10 пайыздық өсім. Бұл – тұрақты жүргізілетін жұмыс. Біздің міндет – инфляция халықтың табысын жеп қоймауына жағдай жасау. Ал біз халықтың нақты табысын 2–3 пайызға арттырамыз дегенде, бұл инфляцияға қосымша 2–3 пайыздық номиналды өсім болуы тиіс деген сөз», – деп қосты Жұманғарин.

Үкіметтегі баспасөз мәслихаты жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз