Роналду, Маск, Инфантино Трамптың жайған дастарқанында бас қосты

Жарияланды 19 Қараша 2025 10:33

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
фото: REUTERS

Сауд Арабиясының «Әль-Наср» клубында өнер көрсететін әлемге танымал футболшы Криштиану Роналду АҚШ президенті Дональд Трамп ұйымдастырған Ақ үйдегі ресми кешкі асқа қатысты. Бұл туралы REUTERS хабарлады.

Кешкі ас Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бин Салманның ресми сапарына байланысты арнайы ұйымдастырылған.

Трамп кешкі ас берді
фото: Reuters

Кешкі асқа Роналду ғана емес, сондай-ақ FIFA президенті Джанни Инфантино, кәсіпкер Илон Маск, АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио, қаржы министрі Скотт Бессент және Пентагон басшысы Пит Хегсет те қатысты.

Илон Маск кешкі аста
фото: REUTERS

Дональд Трамп шара барысында Роналдуға алғысын білдіріп, футболшының қатысуы оның отбасы үшін де ерекше мәнге ие екенін атап өтті. АҚШ президенті өз сөзінде 19 жастағы ұлы Бэррон көп жылдан бері Роналдудың жанкүйері екенін айтты.

Айта кетейік, 2026 жылы АҚШ, Мексика, Канада елдерінде өтетін футболдан әлем чемпионаты Криштиану Роналду үшін ұлттық құрама сапындағы соңғы ірі турнир болмақ. Бұл туралы футболшы өзі айтқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз