
Қазақстанды ТМД-дағы ірі академиялық хабқа айналдыру деген мақсат тұр. Демек алдағы уақытта елдегі шетелдік студенттер көбейе түседі. Бұл туралы Мәжіліс отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.
«Бүгінгі күні елімізге 31 мыңнан астам шетелдік студент білім алып жатыр. Бұл – біздің тарихи рекордымыз. Алғаш рет оқу жылында Азиядан келген студенттер саны ТМД-дан келген студенттерден асып кетті. Енді президентіміз үлкен мақсат қойып отыр. Министрліктің алдында 2029 жылға дейін 100 мың шетелдік студентті оқыту деген мақсат тұр», – деп атап өтті министр.
Оның сөзінше, қазір ведомство 40-тан аса серіктестіктерге қол қойды, ел бойынша халықаралық 33 ірі ЖОО-ның филиалдары ашылды.
2026 жылдан бастап Алматыда Arizona State University-мен бірлескен халықаралық InnoTech университеті ашылады. Университетте инженерия, IT, кәсіпкерлік, жасанды интеллект салалары оқытылады.
Шетелдік университеттердің Қазақстандағы филиалдарының толық тізімін мына жерден көруге болады.