Сүлейменов сыйақы жайлы сұраққа жауап бермей қойды

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Фото: kursiv.media

Үкіметтегі баспасөз мәслихаты барысында журналистердің бірі Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменовтен сыйақысы жайлы сұрады. Алайда сұрақ жауапсыз қалды.

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтен журналист алатын сыйақысы туралы сұрады.

«2024 жылы ҰБ басшысы сіз бастап, топ-менеджерлер және директорлар кеңесі өзіне 1,7 млрд теңге премия жазып алған деген ақпарат шықты. Дәл сол кезде Ұлттық банк 355 млрд теңге шығынға батып жатты. Осындай жағдайда миллиардтаған сыйақы жазып алудың қажеттігі неде болды?», – деп сұрады журналист.

Үкіметте баспасөз мәслихатын жүргізіп отырған модератор «Күн тәртібіне байланысты емес» деп сұрақты алып тастады. Алайда журналист халықтың әл-ауқатына қатысты мәселе бұл тақырыпқа жақын дегенімен, модератор айтқанынан қайтпады. Ал Сүлейменовтің өзі үндемеді.

Сондай-ақ оқыңыз