
Аустралияның әйгілі теннисшісі Ллейтон Хьюитт турға қайта оралды. Спортшы челленджер санатындағы жарысқа қатысып, ұлымен бірге алғашқы матчта жеңіске жетті.
44 жастағы Ллейтон мен 16 жастағы ұлы Круиз Сиднейдегі челленджерге wild card алды. Отбасы жұбы алғашқы матчта Хейден Джонс пен Павле Маринковты екі сетте оңай жеңді: 6:1, 6:0.
Әлемнің бұрынғы бірінші теннисшісі Хьюитт спорттағы мансабын 2016 жылы аяқтаған. Дегенмен екі жылдан кейін қайта оралып, жұп құрып ойнаған. Ол соңғы мәрте кортқа 2020 жылы шыққан.
Ллейтон Хьюитт 30 турнирдің жеңімпазы. Ол Уимблдон-2002 және US Open-2001 турнирлерінде топ жарған.
Осының алдында ғана Қазақстанның бірінші теннисшісі Елена Рыбакина Гиннесc рекордтар кітабына енген еді. Ол WTA финалдық турнирінде жеңіске жеткені үшін 5,235 млн доллар (2,7 млрд теңге) жүлде алған.