Анарбеков, Сәтбаев, Мартынович: «Қайраттың» үздік футболшысына дауыс беру басталды

Алматылық «Қайрат» футбол клубы жанкүйерлер арасында дәстүрлі дауыс беру науқанын бастап, маусымның ең үздік ойыншысын таңдауды ұсынды. Бұл туралы клубтың ресми парақшасында жарияланды.
Клуб мәліметіне сәйкес, тізімге төрт футболшы бірдей енді. Барлығы да маусым бойғы көрсеткен ойынымен бұл мәртебеге лайық деп танылды. Финалдық тізімге енген футболшылар: қақпашылар Александр Заруцкий мен Темірлан Анарбеков, қорғаушы Александр Мартынович және шабуылшы Дастан Сәтбаев.
Дауыс беру Instagram желісіндегі клубтың арнайы сауалнама формасы арқылы өтіп жатыр. Қазіргі кезде жанкүйерлердің басым дауысы Темірлан Анарбековке беріліп отыр. Жас қақпашы бірнеше шешуші матчтардағы жарқын сейвтерімен биылғы маусымның басты жаңалығына айналды.
Жанкүйерлер белсенділігі жоғары. Дауыс беру басталғанына бір сағат өтпей жатып, сауалнамаға 3 000-нан астам жанкүйер қатысып үлгерді.