Арман Дүйсеновтің жұбайы ескерту жасады

Жарияланды 20 Қараша 2025 10:28

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
фото: скрин

Композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері марқұм Арман Дүйсеновтің жұбайы Айсұлу Айданқызы әлеуметтік желіде маңызды мәлімдеме жасап, өзінің атынан жалған қайырымдылық қорлар мен ақша жинау бастамалары көтеріліп жатқанын айтты.

«Егер менің атымнан, менің сұхбатымдағы фрагменттерді немесе фотосуретімді пайдаланып қор ашылып, ақша жинау мәселесі көтерілсе, ол – жалған ақпарат. Мен Президентке үндеу жасап, тергеудің объективті жүргізілуін, әділетті сот шешімін сұрадым. Халқымнан тек қолдау сұрадым. Бірақ ақша жинау немесе қор ашуды өтінген жоқпын. Сондықтан сақ болуларыңызды сұраймын», – деп жазды Айданқызы.

Айсұлу Айданқызы бұған дейін берген сұхбатында ұлы Абылай Дүйсеновтің қандай жағдайда қайтыс болғанын айтып, отбасының жалғыз баспанасынан айырылып қалуы мүмкін екенін жеткізген еді.

Бұл жағдайдан кейін әлеуметтік желіде қызу талқылау өрбіді. Көпшілік өнер адамдарының үнсіздігін сынап, марқұм Арман Дүйсеновпен араласқан әншілер «жабылып жүріп бір пәтер алып бере алмайды ма» деп пікір білдірді.

Осы сынға халық әртісі Мақпал Жүнісова да жауап қайырып, өз уәжін айтқан болатын.

Сондай-ақ, «Шерзат ісімен» танылған заңгер Мейірман Шекеев композитор Арман Дүйсеновтің отбасының ісін қолға алатынын мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз