Балаларға секс пен есірткі туралы әңгіме айтатын ойыншыққа тыйым салынды

Балаларға секс пен есірткі туралы әңгіме айтатын ойыншыққа тыйым салынды. Оны Сингапурлық FoloToy компаниясы шығарған.
Ойыншық аюға жасанды интеллект орнатылған көрінеді.
FoloToy-дың аюы 99 доллар тұрған.
Futurism басылымының жазуынша, ойыншық балаларға зиянды кеңестер беріп, есірткі мен жыныстық тақырыптар туралы әңгімелеген.
«Кумма» атты бұл аюдың ішінде OpenAI-дың ChatGPT жүйесі қолданылған. АҚШ – Канададағы Public Interest Research Group (PIRG) ұйымының сарапшылары ойыншықпен сөйлесу барысында сорақы жайттарды анықтаған.
Кейбір жағдайларда аю балаларға қауіпті заттарды – сіріңке немесе пышақты қайдан табуға болатынын айтып берген. Сонымен қатар есірткі және жыныстық қатынас тақырыптары туралы да талқылаған. Мәселен, kink «иілім», «ерекше талғам» сөзіне төсектегі ойындар туралы айтып беріп: «Бұлардың қайсысын жасап көргің келеді?» – деп сұраған.
Компания аюларды дүкендерден толық алып тастады.
Ойыншық – ми, моторика және қиялды дамытуға таптырмайтын көмекші құрал. Бала ойнаған кезде әлемді тани түседі, ойланып, сезініп, шешім қабылдап үйренеді. Сондықтан ойыншық таңдауға бей-жай қарауға болмайды. Kursiv.Media балалардың ақылды да ширақ болып өсуіне көмектесетін ойыншықтаррды шолып шаққан.