
Ұлттық банк үшінші тоқсанда кредит беру нарығы бойынша 21 банкке сауалнама жүргізді. Нәтижеге сүйенсек, банктердің халыққа несиелерді мақұлдау ықтималдығы аз болды. Осылайша, тұтынушылық қарыздар бойынша мақұлдау коэффициенті бірден 23 тармаққа яғни 22%-ға дейін төмендеді.
Бөліп төлеу
Ипотекалық несиелер бойынша мақұлдау пайызы тоқсан ішінде 6 пайыздық тармаққа яғни 23%–ға дейін, ал кепілге салынған тұтынушылық қарыздар бойынша 23 тармаққа яғни 22%-ға дейін төмендеді.
Ал автонесиелер 2 тармаққа яғни 17%–ға дейін, ал кепілсіз несиелер бойынша мақұлдау пайызы өзгеріссіз қалды – 32%.
Ипотека
Ипотекаға сұраныс төмендеп, бұл олар бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің 25%-дан 20%-ға дейін төмендеуіне байланысты болды. Осыдан кейін көптеген банктер несие шарттарын қайта қарады.
Бұл ретте ипотекалық қарыздар бойынша өтінімдер саны 19%-ға өсіп, 288 мың өтініш түсті. Олардың орташа мөлшері 21%-ға яғни 21 млн теңгеге дейін ұлғайды.
Айта кету керек, қарашада реттеушілер ипотека бойынша шекті ГЭС-ті төмендетуді 2026 жылдың шілдесіне дейін кейінге қалдырды.
Тұтынушылық несие
Кепілге салынған тұтынушылық кредиттер бойынша өтінімдер саны тоқсан ішінде бірден 94%-ға яғни 94 мыңға дейін ұлғайды. Олардың орташа мөлшері 21%-ға яғни 12 млн теңгеге дейін төмендеді. Сауалнамаға қатысушылар өтінімдер санының өсуін банктердің бірінде пилоттық цифрлық сервистің іске қосылуымен байланыстырды.
Кепілсіз кредиттер бойынша өтінімдердің жалпы саны 6%-ға төмендеп, 17,2 млн құрады. Олардың орташа мөлшері 7%-ға яғни 1 млн 50 мың теңгеге дейін ұлғайды. Оларға реттеу шараларын қатаңдату – 5 жылға дейінгі мерзімді қысқарту, 21 жасқа дейінгі және 55 жастан асқан кезде қарыз шартын жасасу кезінде қосымша талап әсер етті.
Автонесие
Автокредиттер бойынша сұраныс автосалондар субсидиялайтын 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында іске қосылған бағдарламалар есебінен өсуде. Өтінім саны өткен тоқсан деңгейінде қалды (1,52 млн), ал өтінімдердің орташа мөлшері 5%-ға яғни 6,9 млн теңгеге дейін төмендеді.
Бизнес несие
2025 жылдың үшінші тоқсанында банктер бизнес тарапынан несиеге жиынтық сұраныстың өскенін атап өтті. Ірі кәсіпорындар негізгі үлес қосты – олардың өтінімдері тоқсанына қарай 19%-ға өсті, дегенмен қарыздардың орташа мөлшері 6%-ға төмендеді. Өсім іскерлік белсенділікті қалпына келтіруге және жекелеген банктердегі кепіл талаптарын жеңілдетуге байланысты болды.
Орта бизнестің сұранысы тұрақты болып қалды, ал шағын бизнес сегменті қалыпты өсуді көрсетті – өтінімдер 10%-ға өсті. Микробизнесте банктер бір уақытта қарыз алушыларға қойылатын талаптарды күшейтті.
Өтінімдерді мақұлдау деңгейі орта бизнесте 36%-ға дейін (+4 тармақ), шағын бизнесте – 36%-ға дейін (+3 тармақ) өсті. Ірі бизнесте, керісінше, мақұлдау коэффициенті 53%-ға дейін төмендеді (-3 п.п.).
Болжам
Төртінші тоқсанда банктер ипотекаға, кепілсіз қарыздарға және автокредиттерге сұраныстың төмендеуін болжайды. Кепілмен тұтынушылық қарыздар бойынша сұраныс сақталуы тиіс.
Бизнеске келетін болсақ, сұраныстың өткен тоқсан деңгейінде сақталуы күтілуде, бұл ретте несиелеу шарттары пайыздық мөлшерлемелердің өсуіне байланысты қатаңдайды.