Беларусьте қазақстандық сауда үйі ашылады

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Беларусьте қазақстандық сауда үйі ашылады / Фото: Shutterstock

Беларусьте қазақстандық сауда үйі ашылады. Бұл туралы сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиевтің Минскіге жұмыс сапары кезінде белгілі болды. QazTrade (сауда саясатын дамыту орталығы) базасында шетелдік алаңда сауда үйінің ашылуы отандық тауарларды ілгерілетеді деп күтілуде.

«Нысан Беларусь нарығында қазақстандық тауарлардың тұрақты болатын орнына айналады. Жұмыс кезең-кезеңімен жүріп жатыр. Жобаның мақсаты – екі елдің компаниялары арасындағы іскерлік байланыстарды нығайту және ынтымақтастықты кеңейту. QazTrade барлық кезеңдерді үйлестіруді өз мойнына алады», – деп атап өтті министрлік.

Бірінші кезеңде шетелдік алаңға шығатын қазақстандық өнімдердің тізбесі айқындалды. Болашақта олар ассортиментті кеңейтуді, серіктестік бағдарламаларды дамытуды және офлайн алаңды ашуға дайындалуды жоспарлап отыр.

Тараптар, сондай-ақ, екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың серпінін, тауар айналымының тұрақты өсуін және оның одан әрі ұлғаю әлеуетін талқылады.

«Біз өзара жеткізілімдердің өсуінің нақты әлеуетін көріп отырмыз. Қазақстандық компаниялар жаңа тауарларды игеруге дайын және қалыптасқан тетік мұны тиімдірек жасауға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Шаққалиев.

Елдер арасындағы тауар айналымы сегіз айда 739,5 млн долларға жеткен. Қазақстанның Беларуське экспорты – 183,2 млн доллар, Беларусь тауарларының Қазақстанға импорты – 556,3 млн доллар.

Сондай-ақ оқыңыз