Жаңалықтар

Еуропа елдерінен алда: Қазақстан әлемдегі ең қауіпсіз елдердің қатарында

Еуропа елдерінен алда: Қазақстан әлемдегі ең қауіпсіз елдердің қатарында / Фото: Shutterstock

2025 жылы терроризмнің жаһандық рейтингінде Қазақстан қауіптің нөл индексімен 100-орынды иеленді. Зерттеуді Аустрияның Экономика және бейбітшілік институты жүргізген.

Зерттеуге сүйенсек, Қазақстандағы қауіпсіздік деңгейі АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Франция, Германия және Испаниядан жақсы. Бұған қоса, еліміз рейтінгте Ресей, Қытай, Өзбекстан, Әзербайжан, Тәжікстан, БАӘ және Түркияны да артта қалдырды.

Қазақстандағы соңғы шабуылдар 2016 жылы болды. Содан бері тоғыз жыл ішінде қауіпсіздік күштері 40-қа жуық шабуылдың алдын алған. Оның ішінде биылдың өзінде екі террористік актің алдын алған.

Жалпы жаһандық деңгейде террористік қауіп өршіп келеді. Биыл 66 елде шабуыл болған. Батыс елдеріндегі шабуыл саны 63%-ға өсті. Ұзақ жылдардан бері тыныш болған Еуропаның кей елдерінде биыл шабуыл жиілеген. Атап айтқанда, Швецияда, Австралияда, Финляндияда, Нидерландыда, Данияда және Швейцарияда террористік акт қайталанды.

Еуропадағы ең нашар көрсеткіш Германияда тіркелген. Жағдай елдің Мгдебург қаласында өткен жәрмеңке кезінде болған шабуылдың әсерінен нашарлады.Әлемдегі ең қауіпті елдердің ондығына Израиль мен Сирия кірді.