Геннадий Головкин – World Boxing президенттігіне жалғыз үміткер болып қалды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Головкин / фото: olympic.kz

Геннадий Головкин – World Boxing президенттігіне жалғыз үміткер болып қалды. Грекия бокс федерациясының президенті Харис Мариолис World Boxing ұйымы басшысы лауазымына өз кандидатурасын ресми түрде қайтарып алды.

Осының нәтижесінде президенттік қызметке жалғыз үміткер болып Геннадий Головкин қалды. World Boxing ұйымының жаңа басшысын сайлаудың шешуші кезеңі осы аптаның соңында Рим қаласында өтеді. Дәл осы жерде өтіп жатқан дүниежүзілік конгресс делегаттары ұйымның жаңа президентін анықтайтын болады.

Қазақстан Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин осыдан бір ай бұрын халықаралық World Boxing ұйымының президенттігіне өз кандидатурасын ұсынған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Головкин өзінің соңғы жекпе-жегін ұйымдастыру жоспарда бар екенін айтқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз