Заңгер Айгүл Орынбекке үш бап бойынша айып тағылды
Жарияланды

Заңгер Айгүл Орынбекке қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша айып тағылды. Ақпаратты Шымкент қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі растады.
ҚазАқпараттың хабарлауынша, Айгүл Орынбекке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды:
- Қылмыстық кодекстің 190-баптың 3-бөлігі 1-тармағы – ірі көлемде жасалған алаяқтық;
- 407-баптың 2-бөлігі – сотқа дейінгі тергеуге кедергі келтіру;
- 423-бап – сотқа дейінгі іс деректерін жария ету.
Журналист Михаил Козачков Telegram арнасында Шымкент қаласы прокуратурасының ресми жауабын жариялаған. Ол жерде қылмыстық іс Шымкент қаласы полиция департаментінің өндірісінде екені, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелгені айтылған.

Бұған дейін Шымкентте мемлекеттік қызметшіден 10 млн теңге бопсалады деген күдікпен блогер-журналист ұсталды.