Сарбаздар қаржы ұйымдарына 9 млрд теңге қарыз

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Cарбаздардың тең жартысына несиесі бар/фото: shutterstock, freepik

Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер қаржы ұйымдарына 9 миллиард теңге қарыз. Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев айтты, деп хабарлайды KursivMedia.

Қазір елдегі сарбаздардың тең жартысына несиесін кейін төлеуге мүмкіндік берілген.

«Елде 40 мыңнан аса мерзімді қызметтегі сарбаз бар, қазірге дейін 20 мың сарбазға несиесін кейін төлеуге мүмкіндік берілген. Қарыздың жалпы сомасы – 9 млрд теңге», – деді Ахмедиев.

Айта кетейік, әскерге шақыру туралы электронды бұйрық шыққаннан кейін банктерге жіберіледі.

«Құжатты алған банк сарбазға 14 айдан кейін төлеуге мүмкіндік береді. 12 ай әскер қатарында жүргені үшін беріледі. Ал сарбаз әскерден кейін жұмыс тапқанша деп ескеріліп, қосымша екі ай уақыт берілген», – дейді мамандар.

Сарбаздарға жасалған жағдайдың арасында жоғары оқу орнына сертификат беру де бар. Мәселен, 2024 жылы үш мыңға жуық сертификат берілген.

2024 жылы сарбаздардың 6 миллиард теңгеден қарызы бары айтылды.

Сондай-ақ оқыңыз