
Қазақстандағы жұмыс берушілер 13-ші жалақыны немесе сыйақыны төлеуге міндетті емес, деп түсіндірді мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің басшысы Мейрамбек Ахметов. Оның айтуынша, бұл мәселе әрдайым компанияның өзінде шешіледі және тек ұжымдық шартта бекітіледі.
«Еліміздегі еңбек жанжалдарының көпшілігі сыйақы төлеу мәселесімен байланысты. Қызметкерлер сыйақы сұрайды, ал кәсіпорын әкімшілігінде мұндай қаражат жоқ», – деді Ахметов ОКҚ брифингінде.
Ол жеке сектордағы сыйақы төлеу механизмі кәсіпорын қызметкерлермен жасаған ұжымдық шартта жазылатынын түсіндірді. Онда компания 13-ші жалақыны қоса алғанда, еңбекақы төлеудің, индекстеудің және сыйақы төлеудің барлық шарттарын қарастырады. Мұның бәрі ҚР Еңбек кодексінің 157-бабында жазылған.
Жұмысшылар төлемді талап етуі мүмкін, бірақ бұдан нәтиже болуы неғайбыл. Ахметов атап өткендей, егер компанияның қаражаты болмаса немесе бюджет бөлінбесе, еңбек дауы туындайды.
«Сондықтан мұндай мәселені ұжымдық келісімдерде, жеке еңбек шарттарында алдын ала талқылау қажет. Бұл ұйымның өзі бюджетте осы қаражатты иемденіп, оларды бір жерден іздеп, қызметкерлерге төлеуі үшін қажет»,- деді Ахметов.
Бюджеттік және мемлекеттік қызметкерлерге арналған сыйақылар мәселесіне келетін болсақ, Ахметов мұнда ерекше нормалар қолданылатынын атап өтті. Үкімет мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын қызметкерлерге сыйақылар төлеу туралы арнайы қаулы қабылдайды. Төлемнің басты шарты-шығындардың белгілі бір бабы бойынша қаражатты үнемдеу. Мұндай жағдайда басшылық бұл ақшаны қызметкерлерге сыйақы ретінде бере алады.