Lifestyle

Сахнаға қайта оралған Ninety One тобы LEVEL UP фестивалінде өнер көрсетеді

фото: Level Up

6 желтоқсанда Алматыдағы Балуан Шолақ аренасында LEVEL UP фестивалі өтеді.

Фестивальдің басты жұлдызы – Ninety One тобы. Сондай-ақ сахнада Yenlik, Ghetto Dogs, Hatikoali, Bazar Jackson өнер көрсетеді, бұдан бөлек кештің басты тосын сыйына айналатын құпия хедлайнер де шығады. Еске сала кетейік, жазда өткен LEVEL UP фестивалінде құпия қонақ болып Қайрат Нұртас шыққан еді.

LEVEL UP FEST тек көңіл көтеру ғана емес, сонымен қатар жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау миссиясын атқарады. Фестивальдің мақсаты есірткі қылмыстарына қарсы үн қосып, шынайы ләззаттың эмоция, еркіндік пен музыкада екенін еске салады.

Билеттерді Freedom Ticketon сайтынан сатып алуға болады.