Сенат республикалық бюджет туралы заңды мәжіліске қайтарды

Жарияланды 20 Қараша 2025 12:37

Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

​​General news бөлімінің редакторы a.abitay@kursiv.media
Көрпеге қарай көсілетін уақыт келді – Тоқаев бюджет шығындары туралы
Республикалық бюджет туралы заң жобасы қабылданбады / Фото: shutterstock

Бүгінгі сенат отырысында депутаттар «2026–2028 жылдарға арналған республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» заңның жекелеген баптарын мақұлдамады. Жоба қайтадан мәжіліске қайтты.

Сенатор Сұлтанбек Макежановтың айтуынша, жаңа Салық кодексіне байланысты жергілікті бюджеттерге қосымша шығын беру қаражат тапшылығына әкелуі мүмкін.

Мысалы, Оқу-ағарту министрлігінің бюджетінде педагогтердің біліктілігін «Өрлеу» институтында арттыру шаралары қарастырылған. 2025 жылы оқудан өтуі тиіс 69,3 мың мұғалімге 7,1 млрд теңге бөлінген. Бірақ 2026 жылдан басталатын үш жылдық кезеңге бұл мақсатқа 6,5 млрд, 5,5 млрд және 4,7 млрд теңге ғана көзделген. Яғни алдағы жылдары жетіспейтін қаржыны жергілікті бюджеттер жабуға тиіс болады. Ал бұл шығыстар 2026–2028 жылдарға арналған есептерде ескерілмеген. Мұндай жағдай тек қосымша жүктеме емес, болашақта педагогтер мен ата-аналар тарапынан наразылыққа әкелуі мүмкін. Биыл жеке мектептерді қаржыландыру мәселесінде осындай жағдай қайталанған, – деді сенатор.

Оның айтуынша, тағы бір мәселе – 2026 жылға даму бюджетінің қысқаруы және өңірлер арасында тең бөлінбеуі. Мысалы, Жамбыл облысында 2025 жылға даму бюджеті 45,4 млрд теңге болып жоспарланса, 2026 жылы бұл сома небәрі 3,5 млрд теңгені құрайды.
Сонымен қатар, сенатордың айтуынша, Жетісу облысында республикалық бюджеттен басталып, 2026 жылдан бастап жалпы трансферттер есебіне берілетін 26 бюджеттік инвестициялық жоба бар. Олардың жалпы құны – 41,7 млрд теңге.

Алайда 2026 жылға бөлінген қаражат бұл қажеттіліктің тек 10%-ын ғана өтейді. Демек, әлеуметтік маңызы бар және инфрақұрылымдық нысандардың басым бөлігі аяқталмай қалады.

Жоғарыда келтірілген жайттарды ескере отырып, Қаржы және бюджет комитеті Конституцияның 61-бабының 4-тармағына сәйкес Заңның жекелеген баптарын мақұлдамауға және оларды жаңа редакцияда қарау үшін Мәжіліске қайтаруға ұсыным береді, – деді Сұлтанбек Макежанов.

Заң жобасында Жұманғарин 2028 жылға қарай өңірлердің республикалық бюджетке тәуелділігі 50%-дан 33%-ға дейін төмендейді деп болжады.

Сондай-ақ оқыңыз