ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов 2 сағат уақытын Іnstagram-ға арнайды

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Нұрымбет Сақтағанов Іnstagram-да белсенді әкім / Фото: ОртКом

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Іnstagram-да белсенді әкімдердің бірі. Осы орайда Kursiv.Media тілшісі өңір басшысынан әлеуметтік желіге қанша уақытын арнайтынын сұрады.

Қазір Нұрымбет Сақтағановтың 20,3 мың оқырманы бар. 1 187 жариялым жасаған. Әкім облысқа қарасты елдімекендердегі мәселелерді әлеуметтік желі арқылы бақылып, хабардар болып отыратынын айтады.

«Әлеуметтік желінің жақсы жағы да бар. Бұрын облыс әкімдері өңірлерде қандай мәселе шешілмей жатқанын білу үшін арнайы адамдарын жіберіп, ескерnусіз барып, көріп тексеріп жататынбыз. Қазір күнделікті әлеуметтік желіні ашып, өңірдегі келеңсіз жағдайларды, туындап отырған сұрақтарды қарап, сәйкесінше аудан әкімі, басқарма басшылары сияқты жауапты тұлғаларға бірден тапсырма беремін. Осы тұрғыда әлеуметтік желінің көмегі зор», – деді өңір әкімі брифинг барысында.

Сақтағанов жұмысының тағыздығына қарамастан, әлеуметтік желіге уақыт табатынын және оны өзінің міндеті санайтынын айтады.

«Кемінде 2 сағаттай болады, түскі ас және кешкілік уақыт тауып отырамын», деп қысқа қайырды Сақтағанов.

Айта кетейік, кейінгі кезде әкімдер желі жұлдыздарына айналып келеді. Үздік үштікке Абай облысының әкімі Берік Уәли, Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды мен Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов кіріп отыр.

Сондай-ақ оқыңыз