
Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданында орналасқан элеваторлардың бірінде қайғылы оқиға болды. 1991 жылы туған әйел шамамен 30 метр биіктіктегі астық қоймасына құлап кеткен. Қатты ағынмен құйылып жатқан астық оны басып қалды.
Куәгерлер бірден құтқарушыларды шақырған. Бірақ мамандар астықтың астынан іздеп тапқанда әйел көз жұмғаны анықталды.
«Қазір еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады, тергеу жүріп жатыр», – деді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті.
8 қарашада Астанада тұрғын үйде бекітулі тұрған кондиционердің бір бөлігі құлап, фельдшер қайтыс болды. Қызмет кезінде көз жұмған 23 жастағы марқұм Ұлдана Қалдарханқызы «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.