Қаңтар оқиғасы кезінде «ұрланған» қару көпір астынан табылды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
қару мылтық полиция қаңтар оқиғасы ұрланған
фото: polisia.kz

2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде «ұрланған» қару көпір астынан табылды. Алматы облысының полициясы қылмыстық іс қозғады. Мәлімет ІІМ сайтында жарияланды.

Полиция мәліметінше, қару Алматы қаласы аумағында, Үлкен алматы каналы арқылы өтетін автокөлік көпірі астынан табылды. 12 калибрлі мылтық көпір астына көмілген.

«Қарудың 2022 жылғы қаңтарда Алматыда қару сататын дүкендердің бірінен ұрланғаны анықталды», – делінген полиция мәліметінде.

Облыстық полиция қылмыстық іс қозғады. Іс прокуратура қызметкерлерімен бірге тексеріліп жатыр.

Бұған дейін Ішкі істер министрлігі Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы қаласында жеті дүкенінен 1400 қару ұрланғанын мәлімдеген.

Сондай-ақ оқыңыз