Жаңалықтар

Қазақ-қытай шекарасына жақын маңда жер сілкінді

жер сілкінісі жер сілкінді жерасты дүмпуі
фото: shutterstock

Қазақстанның Қытаймен арадағы шекарасына жақын маңда жер сілкінді. Бұл туралы Қазақ ұлттық деректер орталығы хабарлады.

Мекеме мәліметінше, жер сілкінісі 19 қарашада Астана уақытымен түнгі сағат 23:45-те тіркелген. Дүмпу ошағы Қытайдың Шыңжаң өлкесі аумағында орналасқан. Орталық дүмпу магнитудасын 4,4 балл деп бағалады. Дүмпу 10 км тереңдікте болған.

Ұлттық орталық жерасты дүмпуі болған жердің координаттарын жариялады. Жер сілкінісі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 500 км, ал Үрімшіден шамамен 300 км жерде болған.

Екі күн бұрын ғана Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялы өлкесі аумағында жер сілкінген. Сол кезде сейсмологтар оның қуатын 3,9 балл деп бағалаған.