Үлкен Алматы каналын жөндеу қашан аяқталады
Жарияланды

Дінмұхамед Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналын жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Құрылыс 2026 жылғы наурызда аяқталады деп жоспарланған. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлады.
Қазір мұнда ескірген бетон плиталарын алып тастап, оның орнына топырақ толтыру мен тығыздау жүріп жатыр. Министрлік жөндеу жұмыстары аяқталған соң, каналдың су өткізу қуаты артады деп есептейді.

Үлкен Алматы каналы облыс пен мегаполис аумағында орналасқан. Ол Іле Алатаудан бастау алып, Талғар және Өтеген батыр ауылдарына дейін созылып жатыр.
Қонаев атындағы канал 1980-жылдары салынған. Оның құрылысына 3,5 жыл кеткен. Маңызды нысанға 270 млн совет сомы жұмсалған.