Ұлттық банк теңгені нығайту үшін 5 млрд доллар жұмсады

Жарияланды 20 Қараша 2025 12:37

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
доллар мен теңге бағамы интервенция
фото: shutterstock

2025 жылғы қаңтар-қазан айларында Ұлттық банк (ҰБ) теңгені нығайту үшін 2,7 трлн теңге, яғни шамамен 5,1 млрд доллар жұмсады. Қаржы мекемесі қараша-желтоқсан айларында тағы 1 трлн теңге салуды көздеп отыр.

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов 20 қарашада Сенаттың жалпы отырысында сөйлеп, үкіметтің қаржы-несие саясаты туралы мәлімет берді. Елдегі қаржы нарығын реттеуші банк басшысының айтуынша, 2025 жылғы он айда ұлттық валютаны нығайту үшін шамамен 5,1 долларға жуық қаражат жұмсалған.

«Осы жылдың басынан валюталық операцияларды «айналау» басталды. Айналау операциясы алтын сатып алудың және валюталық түсімнің эмиссиялық әсерін азайтуға мүмкіндік береді. Биылғы он айда 2,7 трлн теңге алынды», – дейді Сүлейменов.

ҰБ төрағасы қараша-желтоқсан айларында тағы 1 трлн теңге аулды көздеп отырғанын мәлімдеді. Оның пікірінше, мұндай қадам «эмиссиялық қысымды төмендетіп, экономикада артық өтімділікке жол бермейді».

Айналау – валюта интервенциясының бір түрі. ҰБ оны теңгені нығайту мақсатында қолданады. 2025 жылғы шілденің аяғында, доллар бағамы 550 теңгеге дейін көтерілген тұста, ҰБ интервенция жүргізген. Реттеуші банк айналау әдісі арқылы ұлттық валютаны нығайтты. Мәселен, төл теңге содан бері 30 теңгеге нығайды.

Қалай жүзеге асады? ҰБ экспорттаушы компаниялардан немесе банктерден теңгеге доллар немесе алтын сатып алды. Ол үшін 2,7 трлн + 1 трлн теңге жұмсайды. Сол арқылы инфляцияны тежейді. Басқаша айтқанда, ҰБ валюта саудасына теңге шығарып, оның орнына шетел валютасы мен алтын алып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз