Жеңілдігі бар кредит алып берем деп алдаған азамат сотталды

Жарияланды 20 Қараша 2025 09:50

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
сот соттау сот үкімі үкім
фото: shutterstock

Астанада тұрғындарды жеңілдігі бар кредит алып берем деп алдаған азамат 4 жылға сотталды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Құзырлы мекеменің мәліметінше, кінәсі сотта дәлелденген алаяқ әрекетінен 16 азамат зардап шеккен. Олар жалпы сомасы 4 млн теңгеге алданған. Күдікті оларға жеңілдігі бар несие алып берем деп алдаған.

«Мәселен, өзін ұлттық компанияның қызметкерімін деп таныстырып, қызметін 100 мың теңгеге бағалап, жеңіл шарттармен несие алуға көмектесуді ұсынған», – деп хабарлады прокуратура.

Сот ер адамды кінәлі деп тауып, 4 жылға бас бостандығынан айырды.

Келтірілген материалдық шығын өндірілді. Үкім заңды күшіне енді.

Прокуратура азаматтарға кез келген адамның уәдесіне сенбеуге, мәліметті ресми ақпарат көздері арқылы тексеріп алуға кеңес берді.

Жақында ғана шетелден арзан көлік әкеп берем деп, 70 адамды 420 млн теңгеге алдаған адам сотталған еді. Оның алдында Алматыда «Warner Bros» қаржы пирамидасын құрушы бес жылға бас бостандығынан айырылған.

Сондай-ақ оқыңыз