YouTube мессенджерге айналуы мүмкін

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Бұл функция стандартты видеолар, Shorts және тікелей эфирлер секілді YouTube-тегі барлық контент форматтарына қолданылады / фото: KursivMedia мұрағаты
Бұл функция стандартты видеолар, Shorts және тікелей эфирлер секілді YouTube-тегі барлық контент форматтарына қолданылады / фото: KursivMedia мұрағаты

YouTube мессенджерге айналуы мүмкін. Google YouTube платформасында жаңа тәжірибені іске қосқанын хабарлады.

Gazeta ақпаратына қарағанда, ол мобильді қосымша ішінде видеороликтармен бөлісуге және оларды талқылауға мүмкіндік бермек. Бұл функция стандартты видеолар, Shorts және тікелей эфирлер секілді YouTube-тегі барлық контент форматтарына қолданылады.

Қазіргі уақытта эксперимент Ирландия мен Польшада 18 жастан асқан шектеулі саны бар пайдаланушыларға қолжетімді болып тұр.

Компанияның айтуынша, тесттен өтіп жатқан қолданушылар бұрынғыдай видеоларды басқа қосымшалар арқылы да бөлісе алады. Сонымен қатар Google жіберілген хабарламалар қауымдастық ережелеріне сәйкестігін тексеру үшін автоматты модерациядан өтуі мүмкін екенін ескертеді. Әсіресе, зиян келтіруі ықтимал контент анықталған жағдайда.

Тестерлерде жаңа «Хабарламалар» бөлімі пайда болады. Басқа пайдаланушыға видеоны жіберу үшін хабарландыру белгішесін басады. Сосын «Видеомен алмасу үшін басқа пайдаланушыларды шақыру» опциясын таңдайды. Артынша сілтемесі бар шақырту жіберу керек.

Қабылдаушы бұл өтінішті қабылдай немесе кері қайтара алады. Расталғаннан кейін контент және хабарлама алмасу YouTube қосымшасының ішінде тікелей жүзеге асады. Шақырту сілтемелері жасалған сәттен бастап жеті күн бойы жарамды.

Google бұл функцияның кеңейтілген тестілеу немесе барша аудиторияға енгізілу мерзімдерін әзірге жариялаған жоқ.

Айта кететін жайт, мемлекеттік қызметкерлерді ұлттық әлеуметтік желілерді пайдалануға міндеттеуі мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз