Зеленский АҚШ-тың Украина бойынша Бейбітшілік жоспарының жобасын алды

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-тың Украина бойынша Бейбітшілік жоспарының жобасын алды. Американдық тараптың бағалауы бойынша, құжат «дипломатияны жандандыруы» мүмкін. Зеленский жобаны Трамппен талқылауға ниетті, деп хабарлайды Украина президентінің кеңсесі.
Президент кеңсесі жоспардың тармақтарымен жұмыс істеуге келісті, осылайша бұл «соғысты лайықты аяқтауға мүмкіндік береді» деп атап өтті.
«Украина Ресей шабуылының алғашқы секундтарынан бастап бейбітшілікке ұмтылуда және біз оны жақындата алатын барлық ұсыныстарды қолдаймыз. Жыл басынан бері президент Трамптың қантөгісті аяқтау туралы ұсыныстарын қолдадық. Америка тарапы, Еуропадағы және әлемдегі серіктестерімізбен сындарлы түрде жұмыс істеуге дайынбыз», — делінген Украина президенті кеңсесінің хабарламасында.
Келісімнің егжей-тегжейін Зеленский жақын арада АҚШ президенті Дональд Трамппен талқылауға ниетті.
АҚШ пен Ресей билігі Украинадағы соғысты тоқтату үшін жоспар құруда. БАҚ ақпаратына сүйенсек ол 28 тармақтан тұрады және төрт бағытты қамтиды: Украинадағы соғысты тоқтату, қауіпсіздік кепілдіктері, Еуропадағы тұрақтылықты нығайту және АҚШ-тың Ресеймен және Киевпен болашақ қатынастарын құру.