Ақтөбе облысында ер адам әйелін өлтіріп, артынша өзіне қол салған

Ақтөбеде жұбайлардың мәйіті табылды. Екеуі де алдыңғы күні жоғалып кеткен. Еріктілер оларды іздеуге көмек сұраған болатын.
Орданың хабарлауынша, олардың артында бес бала қалды.
Бүгін жұбайларды қаладан тыс жерден өлі күйінде тапты. Негізгі нұсқалардың бірі – ер адам әйелін өлтіріп, кейін өз өмірін қиған.
«Әйелдің денесінде күш қолдану белгілері анықталды. Ал оның күйеуі асылған күйінде табылды. Оқиға орнында тергеушілер жұмыс істеп жатыр. Аумақты қарап, дәлелдер жинауда. Сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық іс қозғалды», – деп хабарлады Ақтөбе облыстық полиция департаменті.
Қыркүйек айында Түркістан облысында 45 жастағы ер адам қызғаныштан әйелін өлтіріп, кейін өзіне қол салған еді. Ең жаманы, таңертең олардың мәйітін балалар тапқан.
Мұның алдында ер адамның HOWO көлігін әдейі айдап, алдымен бұрынғы жұбайын, кейін оның апасы мен әкесін қасақана қағып өткені туралы жазған едік.