Астанаға ресми сапармен Түркіменстан президенті келеді

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Сердар Бердымухамедов
Түркіменстан президенті Астанаға келеді /Фото: Ақорда

Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедов алдағы аптада президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыртуымен Астанаға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Ақорда хабарламасына сүйенсек, Бердімұхаметов қарашаның 24-нде Астанаға ресми сапармен келіп, президент Тоқаев кездеседі.

«Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 24-25 қараша күндері Астанаға Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов мемлекеттік сапармен келеді», – делінген Ақорда хабарламасында.

Айта кетейік, кеше 20 қарашада Астанаға Армения премьер-министрі Николь Пашинян келген. Оның алдында Финляндия президенті Александр Стубб Ақордада қонақта болған.

Қарашада президент Тоқаевтың өзі де бірнеше елге ресми сапармен барды. АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесіп, Орталық Азия елдері-АҚШ форумына қатысты. Артынша Ресейге мемлекеттік сапармен барып, президент Владимир Путинмен кездесіп, одан кейін Өзбекстанға ресми сапармен жол тартып, президент Шавкат Мирзиёевпен кездесті.

Сондай-ақ оқыңыз