Lifestyle

Димаш Құдайберген ақын Мұхтар Шахановқа көңіл айтты

фото: Берік Ағыбаев

Әнші, Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген белгілі ақын, Еңбек Ері Мұхтар Шахановқа ұлының қайтыс болуына байланысты үйіне арнайы барып, көңіл айтты. Бұл жөнінде қоғам белсендісі Берік Ағыбаев әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

«Бүгін халықтың аяулы ұлы, Қазақстанның халық әртісі, әнші Димаш Құдайберген белгілі ақын, Еңбек Ері, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың ұлының қазасына байланысты арнайы келіп, көңіл айтуын жеткізді. Қайғысына ортақтасып, жүрегіне жазылмас жара салған бұл ауыр күнде ағамыздың шаңырағында құран бағыштағанының өзі бір көрегенділік», – деп жазды Ағыбаев.

Мұхтар Шахановтың отбасындағы ауыр жағдайға елдің түкпір-түкпірінен танымал тұлғалар мен оқырмандар да қайғыра көңіл білдіріп жатыр.

Айта кетейік, 6 қараша күні Мұхтар Шахановтың ұлы Қуаныш Мұхтарұлы өмірден өтті.