
Қазақстанда жаңа 2026 жылдың басында бірнеше күн қатарынан демалыс беріледі.
30 және 31 желтоқсан – жұмыс күні екені белгілі. Осылайша аптасына бес күн жұмыс істейтіндердің демалыс кестесі мынадай:
1 және 2 қаңтар – демалыс;
3 және 4 қаңтар – демалыс, сенбі мен жексенбіге түсіп тұр;
5 және 6 қаңтар – жұмыс, 7 қаңтар (сәрсенбі) қайта демалыс беріледі.
Аптасына 6 күн жұмыс істейтіндердің кестесі:
1 және 2 қаңтар – демалыс;
3 қаңтар сенбіге түсіп тұр, сол себепті жұмыс күні;
4 қаңтар жексенбіде демалады, 5 және 6 қаңтарда жұмысқа шығып, 7 қаңтар (сәрсенбі) қайта демалыс беріледі.
Желтоқсандағы демалыс күндер
Желтоқсанда тәуелсіздік күніне орай қосымша бір күн демалыс беріледі. Биыл 16 желтоқсан сейсенбіге түсіп тұр.
Аптасына 5 күн жұмыс істейтіндер желтоқсанда 9 күн демалып, 22 күн жұмысқа барады. Ал аптасына 6 күн жұмыс істейтіндер 5 күн демалады.
Желтоқсандағы кәсіби мерекелер
Желтоқсанда бірнеше кәсіби мереке бар. Бұл күндері демалыс берілмейді. Олар:
5 желтоқсан – адвокатура күні
6 желтоқсан – прокуратура күні
20 желтоқсан – Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі күні
Желтоқсанның үшінші жексенбісі (21 желтоқсан) – Энергетиктер күні
22 желтоқсан – архив қызметкерлері күні.