16 желтоқсаннан бастап оңтүстік пен солтүстікті жалғайтын Тальго пойызы жолға шығады

Алматы – Қостанай бағытында жаңа «Тальго» пойызы шығады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» компаниясы хабарлады.
Пойыз 16 желтоқсаннан бастап жүре бастайды.
«Бұл пойыз уақытын стандартты пойыздарға қарағанда 12 сағатқа қысқартуға мүмкіндік береді. Пойыз 600-ден астам жолаушыны тасымалдай алады», – делінген ақпаратта.
Пойыз Қостанай, Тобыл, Атбасар, Астана, Қарағанды және Алматы сияқты ірі қалалар арқылы өтеді.
«Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы орындар бөлінген, билет құнына 50%-ға дейін жеңілдік қарастырылған. Бұл пойыз елдің оңтүстік пен солтүстік өңірлері арасында көлікті қолжетімді етеді», – дейді компания.
Билеттер bilet.railways.kz ресми сайтында және теміржол вокзалдарының кассаларында сатылады.
Қосымша ақпарат алу үшін 1433 нөміріне тегін хабарласуға болады.
Пойыздардың қашан қатынайтыны туралы ақпаратты мына жерден көре аласыз.
Айта кетейік, 14 желтоқсаннан бастап Атырау – Алматы бағыты бойынша пойыз күн сайын қатынайтын болды. Сондай-ақ Алматыдан Мәскеуге тікелей пойыз жүре бастады.