Lifestyle

Меруерт Түсіпбаеваның әкесі қайтыс болды

Балғабай Түсіпбаев – баян мен домбыра аспаптарын шебер меңгерген әуесқой әнші / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов
Балғабай Түсіпбаев – баян мен домбыра аспаптарын шебер меңгерген әуесқой әнші / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазақстандық танымал әнші Меруерт Түсіпбаеваның әкесі қайтыс болды. Ол бұл туралы өзінің әлеуметтік парақшасында хабарлады.

Әкесі Балғабай Түсіпбаев та өнерден құр алақан болмаған адам екен. Әуесқой әнші ретінде өңірге танылған.

«Папам фәни жалғаннан озды. Әдетте, «88 жас деген той ғой» деп жұбатады жақындар. Осы сөздермен іштей келісіп, шүкір еткенімізбен, мәңгілікке қоштасу неткен қиын. Әкем мені төрт қызының ішінен бөліп, ерекше жақсы көрді», – деп жазды Меруерт Түсіпбаева.

Оның айтуынша, Балғабай Түсіпбаев Баянауыл өңірінің мәдениеті мен өнерінің дамуы жолында аянбай еңбек еткен. Баян мен домбыра аспаптарын шебер меңгерген әуесқой әнші.

«Баян өңіріне есімі кеңінен таныс, өнерлі жан болатын. Рухыңыз пейіште шалқысын, папа», – деп жазды әнші.

Оқырмандары да Меруерт Түсіпбаеваға көңіл айтып жатыр.

«Мәке, әкешіңіздің иманы саламат болсын. Нешеге келсе де, қимаймыз. Бірақ Алла білуші… Жаны Жаннаттық болсын. Алла панасына алсын!» – деп жазып жатыр жазылушылары.

Мұның алдында Меруерт Түсіпбаева танымал қытайша әнді қазақша орындаған еді.