
QazTech альянсының бас сарапшысы Александр Дауранов несиелердің инфляцияның өсуіне әсері аса жоғары емес екенін айтты. Оның бағалауы бойынша, тұтынушылық несиелеудің өсуі инфляцияға тек 0,2-0,4 пайыз тармақ қосады.
«Курсив» өткізген тұтынушылық несие беру тақырыбындағы дөңгелек үстелде елдегі бағаның өсуіне, тауарлардың қымбаттауына тұтынушылық несиелердің әсері туралы сарапшы QazTech зерттеуінің нәтижелерін ұсынды.
Қорытындыға сәйкес, тұтынушылық несиелеу 2021-2025 жылдары тұтынудың орташа 4-5% өсуін қамтамасыз етті. Теориялық тұрғыдан несиелік сұраныстың бағаны көтеруге қосқан максималды үлесі шамамен 2 пайыздық тармаққа жетуі мүмкін. Алайда Даурановтың бағалауы бойынша инфляцияға әсері тек 0,2-0,4 пайыздық тармақты құрайды.
Александр Дауранов жекелеген сегментте несиелер мен бөліп төлеу сұранысқа үлкен әсер ететінін атап өтті. Сонымен қатар, барлық тұтынушылық несиелердің 80%-ы тоғыз тауар тобында шоғырланған. Бұл телефондар мен гаджеттер, тұрмыстық техника, жиһаз, компьютерлер, автокөлік құралдары, сұлулық пен денсаулық, аудио және видео, киім мен аяқ киім сынды тауарлар.
«Осы тоғыз тауар тобының онлайн сатып алуларының орта есеппен 65%-ы несиемен немесе бөліп төлеу. Бұл жағдайда несие алулардың үлесі біртіндеп төмендейді. 2022 жылы ол 80% құрады», – деп атап өтті Александр Дауранов.
Сарапшы, сонымен қатар, несиеге сатып алынған тауарлардың нарықты қаншалықты қызып кететінін және бағаны төмендететінін бағалады. Бөлшек сауда жылына орта есеппен 7%-ға өсіп, жалақы өсімінен асып түсті. Бұл ретте несиеге және бөліп сатып алу үлесі 2025 жылдың 9 айында 24%-дан 20%-ға дейін төмендеді.
«Ең көп несиелік қаржыландырылатын тауарларды – тұтынушылық несиелер мен бөліп төлеу телефондар мен цифрлық құрылғыларды сату азайып келеді. Олар 2022 жылдан бері төмендеп келеді», – деді Александр Дауранов.
Бған дейін сарапшы төліп төлеу адамның алатын зат бағасын ойлау мүмкіндігін төмендетіп, асығыс қарыз алуға итермелейтінін айтқан болатын.