Өскемендегі қорғасын зауытында өрт шықты

Өскеменде Промышленная көшесіндегі қорғасын зауытында Транспортерлік таспа өртенді. ТЖМ хабарлағандай, жеке цех ғимаратында өрт шықты.
Өрттің ауданы 106 шаршы метрді құрады. Жедел келген ТЖМ өрт есептеулері өртті жойып, оның таралуына жол бермеді.
«Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында төрт оттегі баллонын шығарып үлгерді, бұл жарылыс қаупін болдырмады», — деді ШҚО ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы Исхар Савазов.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.
Айта кетейік, 18 қараша таңертең Алғабастағы екі қабатты тұрғын үйден өрт шығып, 12 адам мерт болған. Олардың жетеуі бір отбасының адамы. Қалғаны үй иесінің ағасының төрт баласы мен анасы екені белгілі.
Қазіргі таңда өрттің себебі анықталуда. Ал полиция оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 292-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.