
Қазақстанда қарыз алушылардың жартысына жуығында (49%) төрт және одан да көп қолданыстағы несие бар, деп мәлімдеді Ұлттық Банк басшысының орынбасары Виталий Тутушкин. Дегенмен әлемдік стандарттар бойынша халықтың жалпы борыштық жүктемесі төмен болып қалуда.
Реттеушінің мәліметінше, 1 тамызда Қазақстанда кредиттік тізімде 7,71 млн қарыз алған адам бар. Бұл ретте олардың 49%-ның бірнеше несиесі бар.
«Курсив» өткізген тұтынушылық несие беру тақырыбындағы дөңгелек үстелінде Тутушкин екі немесе одан да көп несиенің болуы тұтынушылық қарыздар мен бөліп төлеуді рәсімдейтін қарыз алушыларға тән қасиет екенін түсіндірді. Айтуынша, қарыз алушылардың тек 26%-да бір несие бар. Әдетте ипотека немесе автокредит. Қарыз алушылар 63% (4,9 млн адам) бөліп төлеу рәсімдеген.
Тұтыну табыстан жылдам өседі
Осылайша елдегі қызметтерді немесе тауарларды тұтыну азаматтардың нақты кірісінен едәуір асып түскен.
«10 жыл ішінде нақты кіріс (30,3%-(ға өсті), ал үй шаруашылығын тұтыну 91%-ға өсті, яғни тұтыну табыстан тез өсіп келеді Бұл алшақтықтың нақты мысалы ретінде он жыл ішінде тұтынушылық несиелердің 3,7 есе өскенін көрсетуге болады», – деп атап өтті Тутушкин.
Азаматтарда кредиттің көптігіне қарамастан, халықтың борыштық жүктемесі небәрі 15%-ды құрайды және бұл ең төменге жүктеме саналады.
«Бізде жеке тұлғалар қарызының ЖІӨ-ге (банк қарызына) қатынасы аз – бар болғаны 15%. Егер біз банктік емес несиелермен бірге есептесек, онда бағалау шамамен 17% құрайды. Әрине, әлемдік сандар тұрғысынан бұл өте аз. Себебі әр түрлі елдерде бұл жүктеме 100% болуы мүмкін», – деп түсіндірді Ұлттық Банк басшысының орынбасары.
Кейбір несие жалпы статистикаға кірмейді
Сонымен бірге, Тутушкин реттеушінің қаржылық емес ұйымдар жүзеге асыратын несиелеу туралы ақпараты жоқ екенін мойындады. Мысалы, автоны бөліп төлеуге диллерден алу немесе құрылыс компанияларынан ипотекаға үй алу.
«Біз азаматтарда бар борыштық жүктемені барабар бағалау үшін қазірдің өзінде қанша адамның қарызы бар екенін түсінуіміз керек», – деп атап өтті Тутушкин.
Ұлттық Банк саланың «ашықтығын арттырумен белсене айналысатынын» айтты.