Маңғыстау облысында «Намазхана» өртенді (видео)
Жарияланды

Маңғыстау облысында «Шетпе – Жетібай» жолы бойында орналасқан «Намазхана» деп аталатын асхана өртенді. Бұл туралы жергілікті Lada басылымы хабарлады.
Мәліметті осы өңірдің төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы растады. Департамент дерегінше, құтқарушылар асхана ішіндегі газ баллонды алып шығып, шағын ғимаратты жарылып кетуден сақтап қалған.
Қарақия ауданы аумағындағы бұл оқиға 20 қарашада күндіз болған. Осы жолмен жүрген жолаушылар түсірген видео әлеуметтік желілерде таралды.
Өрт толық сөндірілді. «Намазхананың» 180 шаршы метрі өртеніп кетті.
Естеріңізге сала кетейік, 18 қарашада Түркістан облысы Жетісай ауданына қарасты Алғабас ауылында екі қабатты үй өртеніп, 12 адам қаза тапқан.