
Toyota әлемнің ең танымал көліктерінің бірі – Corolla седанының жаңартылған моделін ресми түрде таныстырды. Классикалық стиль, заманауи технология және қауіпсіздік жүйесі – соны үлгіні осылай сипаттауға болады.
Дизайн
Жаңа Corolla седаны сыртқы келбетінде айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Toyota инженерлері модельді спортқа бейімдеп, аэродинамикасын жақсартқан. Негізгі өзгерістер:
- Алдыңғы LED шамдар: кең жарық жолағы бар, қараңғыда жақсырақ көрінетін жаңа дизайн.
- Алдыңғы бампер: сұсты көрініс беретін қайта жобаланған пішін.
- FX арнайы нұсқасы: Nightshade Edition орнына келген жаңа FX сериясы – SE деңгейіне негізделген. Эксклюзив дөңгелектер, спортқа тән рөл басқару. Артқы спойлер динамиканы арттырады.
Соны өзгерістер Corolla-ны тұрмысқа қолайлы дәстүрлі емес, жастарға арналған стильді седанға айналдырады. Аэродинамикасы жақсарғандықтан, отын үнемдеу де 5-7%-ға өседі.

Интерьер
Ішкі жабдығында да айтарлықтай жаңалық бар – қөлік кабинасы техника тұрғыдан жетілген. Негізгі өзгерістер:
- Экрандар: деңгейі жоғары (SE, XSE, FX) 27 см үлкен сенсорлы ақпарат жүйесі орнатылған. Экран Apple CarPlay, Android Auto және Toyota Audio Multimedia жүйелерін қолдайды. Пайдалануға ыңғайлы интерфейс.
- Шуды басу: қозғалтқыш пен жол дыбысы 20%-ға азаяды.
Мотор мен динамика
Corolla-ның басты артықшылығы – оның қарапайымдылығы мен үнемділігі. 2025 моделінде қозғалтқыш опциялары өзгеріссіз қалған, бірақ жаңа FX нұсқасы динамиканы күшейтеді:
- Бензин: 2.0 литрлік 4 цилиндрлі қозғалтқыш (169 ат күші). 100 км/сағ жылдамдықты 8.5 секундта арттыра алады.
- Гибрид: 1.8 литрлік бензин + электр қозғалтқыш (138 ат күші). 100 км-ге 4.7 литр отын жаңады.
Қауіпсіздік
Toyota қауіпсіздікке ерекше мән береді. 2025 Corolla-да Toyota Safety Sense 3.0 жүйесі барлық модельдерде сақталады:
- Жолдан шығып кетудің алдын алады.
- Кедергілерді алдын ала анықтап, жылдамдықты төмендетеді.
- Автоматты түрде жылдамдықты шұғыл түсіріп, жаяуды анықтай алады.
Баға
Қазақстандағы баға шамамен 12-18 млн теңге аралығында болуы мүмкін. Ол көбіне импорт пен салыққа байланысты анықталады. Toyota дилерлері арқылы қазірден бастап тапсырыс беруге болады.
Бұған дейін Kursiv.Media Toyota Land Cruiser рамадан айрылып, электрокарға айналатыны туралы жазған.