
Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-тың бейбітшілік жоспарын АҚШ президенті Дональд Трамппен талқылаудан бұрын Украина халқына үндеу жасады.
Зеленскийдің бейне хабарламасы Украина президенті кеңсесінің әлеуметтік желідегі парақшаларында пайда болды.
Зеленский не деді
«Қазір біздің тарихымыздың ең қиын сәттерінің бірі. Украинаға қысым – ең ауыр қыиндықтың бірі. Қазір Украина өте қиын таңдау алдында тұруы мүмкін. Намысты жоғалту немесе негізгі серіктесті жоғалту қаупі. Қиын 28 ұпай немесе өте ауыр қыс. Бостандықсыз, намыссыз, әділетсіз өмір сүру», – деді Зеленский.
Ол жоспарды АҚШ пен Еуропамен талқылауға, дәлелдер келтіруге және балама нұсқаларды ұсынуға дайын екенін атап өтті.
«Украина тез жұмыс істейтін болады. Бүгін, сенбі және жексенбі, келесі апта бойы және қажет болғанша тез жұмыс істейміз. 24/7 режимінде мен жоспардың барлық тармақтары аясында екі мәселені қорғаймын – бұл украиндықтардың намысы мен бостандығы», – деді Зеленский.
АҚШ пен Ресей билігі Украинадағы соғысты тоқтату үшін жоспар құруда. БАҚ ақпаратына сүйенсек ол 28 тармақтан тұрады және төрт бағытты қамтиды: Украинадағы соғысты тоқтату, қауіпсіздік кепілдіктері, Еуропадағы тұрақтылықты нығайту және АҚШ-тың Ресеймен және Киевпен болашақ қатынастарын құру.
Келісімнің егжей-тегжейін Зеленский жақын арада АҚШ президенті Дональд Трамппен талқылауға ниетті.