Асу Алмабаев – Алекс Перес жекпе-жегін қайдан көруге болады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
фото: instagram

22 қараша, сенбі күні Дохада (Қатар) өтетін UFC Fight Night 265 турнирінде қазақстандық файтер Асу Алмабаев (22-3) америкалық Алекс Переспен (25-9) октагонға шығады.

Алмабаев – Перес жекпе-жегінің тікелей трансляциясы шамамен қазақстан уақытымен 21:40-та басталады және көрермендер Setanta Qazaqstan арнасы мен сайтынан көре алады.

Асу Алмабаев соңғы рет шілде айында жұдырықтасқан еді: перулік Хосе Очоамен (8-2) үш раундтық айқаста кездесіп, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті.

Ал қарсыласы Алекс Перес былтырғы маусымнан бері октагонға шықпаған. Америкалық спортшының соңғы жекпе-жегі жапониялық Тацуро Таирамен (17-1) өтті. Сол кездесуде Перес екінші раундта жарақат алып, жекпе-жек мерзімінен бұрын тоқтатылған болатын.

Қазіргі таңда Алмабаев UFC-де алты жекпе-жек өткізіп, 5-1 нәтижесіне ие. Перестің промоушендегі рекорды 7-5. Бұл кеште Алмабаевтан бөлек тағы бір қазақстандық спортшы Бекзат Алмахан да шығады.

Сондай-ақ оқыңыз