Танымал әнші Кайрат Нұртастың әлеуметтік желідегі жаңа сторисі көпшіліктің назарын аударды. Қайрат Нұртас кәсіпкер, спорт басшысы, «Қайрат» футбол клубының иесі Кайрат Боранбаевпен түскен суретімен бөлісті.
Әнші алғашқы сторисында:
«Жуырда КБ & КН» деп, көпшілікті қызықтырып қойды. Көп ұзамай келесі сторисінде:
«Аға, рахмет. Ойланып көрейін» – деп жазды.

Бұл екі тараптың қандай да бір жаңа жобаны талқылап жатқанының белгісі болуы мүмкін.
Еске сала кетейік, Қайрат Нұртас 30 қазан күні Алматының орталық стадионында үлкен концертін өткізген еді. Енді алдағы уақытты Астанада да жеке кешін беретінін мәлімдеген.