Lifestyle

Silk Way Star жобасы: қазақстандықдар Alem-ге дауыс бере алмайды

Silk Way Star
Silk Way Star

Silk Way Star жобасының жеңімпазы аралас дауыс беру жүйесі арқылы анықталады:
50% қазылар алқасының шешімі, 50% көрермендердің онлайн-дауыс беруі.
Дауыс беру тәртібі «Евровидение» сияқты халықаралық жобалардың тәжірибесіне сүйене отырып жасалған және барлық қатысушылар үшін барынша ашықтық пен әділдікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Көрермендердің дауыс беруі жобаның ресми сайты – silkwaystar.org арқылы жүзеге асады. Дауыс беру 22 қараша күні сағат 20:00-де Jibek Joly телеарнасындағы тікелей эфир кезінде басталады.

Қалай дауыс беруге болады

Шоу барысында теледидар экранында көрсетілетін QR-кодты смартфон арқылы сканерлеңіз. QR-код сізді ресми дауыс беру сайтына бағыттайды.

Сайтқа өткен соң, қатысушы елдердің жалаулары көрсетіледі. Сол жерден ұнаған финалисті таңдап, оған 0-ден 12-ге дейінгі шкала бойынша баға бере аласыз.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, өз еліңіздің қатысушысына дауыс беруге болмайды! Бұл ереже әділдікті қамтамасыз ету үшін енгізілген.

Дауыс беру тек тікелей эфир уақыты аралығында ашық болады.

Еске саоа кетейік, бұған дейін Silk Way Star гранд-финалына өткен қатысушыларды жазған едік. Қазақстан атынан Alem лақақ атымен танымал Батыр Мәліков өнер көрсетеді.