«Нұр-Мұқасан» тобының әншісі Мұқасан Шахзадаевтан таяқ жегенін айтты

Жарияланды 23 Қараша 2025 01:58

(жаңартылды 23 Қараша 2025 23:32)
Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
коллаж: kursiv.media

«Нұр-Мұқасан” тобының жаңа қатысушысы Ғалымжан Сүлеймен әлеуметтік желіде белгілі әнші Мұқасан Шахзадаевтан таяқ жегенін мәлімдеді.

Ғалымжанның сөзінше, Мұқасан Шахзадаев бірнеше адаммен бірге келіп, соққыға жыққан. Соққы салдарынан оның мұрны сынған, денесінде көптеген жарақат бар, сондай-ақ қолы сынғаны айтылған. Желіге жүктелген видеода жарақат алған адамның бет-әлпетінде көгерулер мен қанталаған белгілер анық байқалады.

Жәбірленуші Шахзадаев бұл оқиға үшін жазадан құтылып кетуі мүмкін деп алаңдайды. Қоғам белсендісі Жан Ахмадиев пен заңгер Инга Иманбай істі өз қолдарына алатындарын айтты.

Сондай-ақ оқыңыз